Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде жұма намаз оқыла ма: ҚМДБ коронавирустың таралуына байланысты мәлімдеме жасады

ҚМДБ-ның коронавирустың алдын алу шараларына орай жұма намазына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабаралайды. 

коронавирус

Бүгінде әлем жұртшылығын дүрліктірген коронавирус көптеген елдерге тарап үлгерді. Вирусты жұқтырған адам саны артуда. Бұл дерт бізді де алаңдатып отыр. 

Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғаттағы зәрулік үкімін негізге ала отырып, коронавирустың жамағат арасында таралуының алдын алу шарасы ретінде жұма намазына байланысты мәлімдейді:

Жұма намазынан бұрын айтылатын 30 минуттық уағыз 20.03.2020 жылдан бастап уақытша тоқтатылады;

Намаз уақыты кіре сала азан айтылады, 4 ракағат сүннет өтеліп, жұма намазының 2 ракағат парызы қысқа сүремен оқылады;

Жұма намазының парызынан кейін оқылатын 4 рәкағат сүннетті үйде оқуға кеңес береміз;

Намаздан кейін тәсбих тартылмайды, Құран оқылмайды, имам қысқа дұға жасайды;

Намаздан кейін жамағат қол беріп «Жұма қабыл болсын» деп амандаспайды;

Мешітке бетперде (маска) киіп келу;

Намаздан кейін көп кідірмей мешіттен шығу;

Жұма намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;

Жұма намазға денсаулығы жарамайтын қариялар, науқастар мен әйелдердің қатыспағаны абзал;

Ауа-райы қолайлы аймақтарда жұма намазын мешіт ауласында оқуға рұқсат.

Барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырамыз.

Бұл мәлімдеме ағымдағы жылдың 13 наурызынан бастап күшіне енетінін айтты. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Демалыс кезінде үйінде болған": Семейда 14 жастағы жасөспірімнен коронавирус анықталды

Науқас - 2006 жылы туған, Семей қаласының тұрғыны

Өскеменде кәсіпкерлер әкімдікке баса көктеп кірмекші болды

Олар рұқсаттама ала алмағандарына ызаланды

Алматыда жезөкшелердің қызметін ұсынған монша анықталды

Саунаны криминалдық полиция тапқан

Қазақстанда алғаш рет жүргізуші мас күйінде ЖКО себепкері болғаны үшін 4 жыл түрмеге қамалды

887 мың қазақстандық 42 500 теңге жәрдемақы алуға өтініш берген

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев мәлімдеді

"Подъездің есігін құлыптап, тек саңылау қалдырған": Ақтау әкімдігі желіде тараған суретке түсініктеме берді

Әкімдік: "Әлеуметтік желілерде және түрлі басылымдарда бір суретке негізделген жалған ақпарат тарап жатыр"

"Көмек емес, пайдакүнемдік": Қазақстандықтар несие мерзімін кейінге шегеру шарттарына наразы

Заң форс-мажор болса да, сыйақыны есептеуді тоқтатуға мүмкіндік бермейді

Бұрынғы күйеуі бетін пышақпен тіліп тастаған: Ақтөбелік әйел халықтан көмек сұрады

Олардың ажырасқанына екі жыл болған

Ақтөбеде, Қызылордада және Шымкентте болған: Қазақстандық жүк көлігінің жүргізушісі коронавирустан көз жұмды

Ол сапарда баласымен бірге болған

"Жұмыс жабылды": Ақшаға мұқтаж қазақстандықтар 42500 теңге үшін бірнеше сағат бойы кезекте тұрды

Олардың ішінде жаға жыртысып, төбелескендер де бар
Çàãðóçêà...