Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мешіт емес, мектеп сал": Фариза Төреәлі мешіттің құрылысын тоқтатып тастаған ауыл тұрғындарына ренішін жеткізді

Танымал блогер, кәсіпкер Фариза Төреәлі жолдасы Дархан Нортаевпен бірге мешіт саламын деп халықтан сөз естіді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/

Айта кетейік, блогерлер жанұясының мешіт саламыз деген жоспары төңірегінде дау әлі сейілмей тұр. Астана қаласының іргесіндегі ауыл маңынан мешіт құрылысын бастаған блогерді ауыл тұрғындары қуып шыққан еді. 

“Өмір деген – кино. Әркім өзінің рөлін таңдап алады. Біреулер жақсы кейіпкер болады, біреулер соған кедергі келтіретін кейіпкер, біреулер жаман адамның бейнесінде болады. Біз бұл тұста атақ қуатын, атын шығарғысы келетін адамның емес, бір Алланың ризалығын қалап, мешіт салатын, қандай кедергі болса да, жақсы амалда табанды болатын рөлді таңдадық. Раббымыз бізге мешіт салғызып жатыр. Үлкен арман. Үлкен мақсат. Үлкен жоба. Ертеңгі тарих. Осы мақсат жұмыс істеуге үлкен шабыт пен жігер берді. Ақиқатында әр ризық Алладан болған соң оның жолында сол ризықты жұмсай алу бір бақыт. Біздің миссия – Пайғамбарымыздың (с.а.с) үмметі, еліміз үшін қызмет ету, дамуына үлес қосу. Бұрыннан екеуміз отырып алып "Бір күні қайырымдылыққа мешіт, медресе салатындай табыс деңгейіне жетсек қой" деп қиялдайтынбыз. Раббымыз жүректердегі ниетті білуші, осы күнді нәсіп қылып жатыр. Алда медресе, кітапхана, мектеп және тағы да мешіттер салуға ниетіміз бар. Бірақ кешегі оқиғадан кейін ойым екіге бөлініп отыр. Құрылысты ары қарай жалғастыру немесе басқа жерден жаңасын салу. Қалай дұрыс деп санайсыздар?”, – деп кеңес сұрады блогер. 



Желі қолданушылары жаппай наразы болып, мешіттен гөрі мектеп, аурухана салуды ұсынып жатыр. 

“Мешіт салып жатқандарға жыным келеді. Суы жоқ ауылдарға құдық қазып беріңдерші”, “Мектеп салынса, адамдарды еңбекпен қамтушы едіңіздер”, “Дамба салсаңдар сауабы мол болады”, “30 жылда мешіт сала бергеннің кесірінен қазіргі жағдайға жетіп отырмыз”, “Адасқан жастарды одан сайын адастыратын болдыңдар”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, блогердің мешіт салып жатқан бастамасын ауыл тұрғындары “өтірікші, алаяқ, хайп үшін жасап жатыр” деп айыптағанын жазған едік. 

 

Талқылау