Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мерзімді қызметтегі әскерилерге несиелік демалыс жарияланады

Қазақстанның қорғаныс министрлігі мерзімді қызметтегі сарбаздар үшін несиелік демалыс жарияланатынын мәлімдеді,деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

әскер

Қорғаныс министрлігі мен қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі меморандумға қол қойды.

Мерзімді қызметте жүрген әскери қызметшілердің несие уақыты тоқтатылады.

"Шақыру науқаны барысында болашақ Отан қорғаушылардың банктік қарыздары мен микрокредиттері туралы мәліметтер қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жіберіледі. Осы деректердің негізінде кредиторлар негізгі борыш, сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру және берешекті өндіріп алудың барлық нысандарын тоқтата тұру мәселелерін пысықтайды", – деп мәлімдеді қорғаныс министрлігі.

Сондай-ақ, төлемдерді кейінге қалдыру кезеңінде несие беруші сот ісін жүргізуді, берешекті өндіріп алу бойынша нотариусқа жүгінуді, тұрғын үйді сатуды, қарыз алушының отбасын шығаруды тоқтатады.

"Өткен сот актілері бойынша берешекті өндіріп алудың барлық нысандары да тоқтатылады. Меморандум тұтынушылардың заңды мүдделерін уақытылы қорғауға бағытталған", – делінген ведомствода.

Талқылау