"Менің таңдауым – үнсіздік": Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасы елді ойландырып қойды
Отандық киножұлдыз, актриса, продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханадан жазба жариялап, жан сырын ақтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/ zhuldyzabdukarimovaofficial
Өнер иесі басы айналып, құлап, ауруханаға жеткізілген еді.
“Ауруханада жатып, көп ойландым. Мен кіммін? Нендей тірлік етіп жүрмін? Қайдан келемін? Қайда барамын? Ата-анама қандай перзентпін? Балаларыма қандай анамын? Өзге тұрмақ, өзімнің мыңдаған сұрағыма толық жауап бере алмадым. Бір түсінгенім, мендегі күш күлімсіреу екен. Қандай сынақ келсе де, батпандай әділетсіздік көрсем де, үн қатпау, топырақ шашпау, бет жыртыспау, ақталмау! Жаратқанға әр әрекетім үшін жауабым, жиған сауабым, ізгі амалым бар ма? Мен үшін сұрақтардың ең маңыздысы осы екен. Дүниеде ең оңайы – ақыл айту емес пе?! Ал менің таңдауым – үнсіздік екен", – деп жазды актриса.
-
"Өз еркі – өзінде": Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты пікір білдірді
-
"Еш нәтиже болмады": Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханаға жатқызылды
Айта кетейік, актриса әлі күнге дейін диагнозын жариялаған жоқ. Алайда басының ауырғаны тоқтамай, әлсіздік барын айтқан еді.
”Әзірге мендегі жағдай бірқалыпты. Бірқалыпты деген себебім, ауыр белгілері кеткенімен, бас ауруы, әлсіздік, бас айналуы қоймай тұр. Күндізгі стационардағы ем қонбады. Сондықтан толық зерттеп, ем шаралары мен жолдарын айтады. Енді екі күн бойы тексерілемін. Баршаңызға рақмет. Негізі ауырып жатқан жоқпын, тек басым айналады", – деп палатасын көрсеткен еді продюсер.
Еске салайық, актриса ауруханаға қалай жеткізілгенін айтып, балаларының қорқып қалғанын жазған еді.