Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Менің көзіме шөп салғанын көзіммен көрдім: Сіңлімді қайын ағам зорлады деген әйелдің күйеуі шындықты айтты

Қызылорда тұрғыны 11 жасар сіңлімді қайын ағам зорлады деп айыптады. Осы себепті Раушан Сайдәлдаева өз туыстарымен араласпай қалған. Оған күйеуінің жаласы себеп болды дейді. Жәбірленуші барлығын ел алдына баяндап, бауырларымен татуласқысы келетінін айтады. Алайда бұрынғы күйеуінің айтары басқа. 

Бұл туралы "Кел, татуласайық" бағдарламасында айтылды. 

Раушан Сайділдаева 2015 жылы сіңлісін қайын ағасы зорлап, сотталып кеткенін айтты. Осы оқиғадан соң ағасын жақтаған күйеуімен бет көріспей кеткен. Өз ағасын айыптағаны үшін таяқ жегенін айтты. Сіңлісінің зорланғаны туралы туыстары білмейтінін жеткізді. Сол себепті күйеу балаларының сөзіне сеніп, өз бауырларым бас тартты деп күйінеді. 

Ал, бұрынғы жолдасы Әмірәлі Раушанның жалған айтып отырғанын, ол көзіне шөп салғандықтан одан ажырасқанын айтады. 

"Менің ағамның оның сіңлісін зорлағаны рас. Сол үшін сотталып отыр. Бірақ біздің ажырасқанымызға ол себеп емес. Ол менің көзіме шөп салды. Мен оны өз көзіммен көрдім. Мент жігіттермен кездесіп жүрген. Түнгі 3-те келіп тұрғанын өзім көрдім. Раушанға саған келіп тұр деп едім, теріс қарап жатып қалды. Екі жігіттің өзі Раушанды іздеп келіп тұрды. Мен сол уақытқа дейін Раушанның айтқанын істеп келдім. Раушан біреуден екіқабат болып келсе де, оған үйлендім. Қалаға көшейік деді. Оған көндім. Маған істегені осындай болды", - деді Әмірәлі. 

Әмірәлінің айтуынша, Раушан миллиция жігіттермен көлікте отырған суреттерін жіберіп, қызғандырған екен. 

Алайда Раушан мен әпкесі Шолпан Әмірәлінің сөзін жоққа шығарды. 

"Олар мені өз туысыма жүргіш деп жала жапты. Туыстарым соның сөзіне сеніп қалды. Өз ағасының не істегенін айтқан жоқ. Енем де, күйеуім де мені қаралады. Менттермен жүресің деп айыптады. Мен ешкіммен кездескен жоқпын. Маған әдейі жала жауып отыр. Мені ақшаға сатып алған жігіттерді тауып әкелсін. Мен жүріс жүретін болсам балаларымды интернатқа өткізіп, өзім қыдырып жүретін едім. Ал, 5 жылдан кейін кіммен суретке түсемін, қайда түсемін ол менің шаруам. Мен онымен балаларымды араластырмаймын. Мен онымен татуласпаймын да. Менің мақсатым - қайын ағам жақында амнистицияға ілінеді деп айтты. Соның ісі қайта қаралсын деймін. Екіншіден өз туыстарыммен аралассам деймін", - деді Раушан. 

Талқылау