"Менің кином емес": Дариға Бадықова "Келінжан 3" фильмін сынағандарға жауап берді
Танымал продюсер, актриса Дариға Бадықова “Келінжан 3” фильмін сынағандарға ашуланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде актрисаның жазбасының астына бейтаныс оқырман аталған туындының нашар екенін айтты.
“Келінжан 3”- ке барып көңіл толмады. Ақшаға құнығып кеткен. Кинода не мән жоқ не мағына жоқ. Арзан күлкі – арзан кино. Қайран 85 минут уақыт?!. Суретшіні суретші деген сайын сақалын бояпты дегендей, кинодан мән кеткен. Оданда “Моана” көрген дұрыс. Уақыттарыңызбен ақшаларыңызды құртып Дариғаның арзан киносына бармаңыздар! Өте нашар!”, – деп жазды желі қолданушысы.
-
"Шырылдаған шыбын жаным-ай": Дариға Бадықова желіде жан сырын ақтарды
-
"Байыса қазақ байысын": Дариға Бадықова "Моанаға" баратын қазақтарға ренжіді
Өз кезегінде актриса да жауап беріп, негатив пікір жазған адамды орнына қойды.
“Менің кином емес?! Не деп отырсыз?!! Сауат Қайда?!”, – деді актриса.
Оқырман қауым актрисаға сәттілік тілеп жатыр.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты