Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мені бокалмен көрсеңіз, өлтіруге болады деген сөз емес": Қазақстанда Нүкенованы қолдау мақсатында флешмоб басталды

"НеМолчи" қоғамдық қоры марқұм Салтанат Нүкенованы қолдау мақсатында әлеуметтік желіде флешмоб бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан алынған скрин

Желіде қазақстандық әйелдер өздерінің суреттерін жариялап: "Мені бір бокал шараппен көрсеңіз, өлтіруге болады деген сөз емес”, - деп жазып жатыр.

Флешмобқа Бишімбаевтың қорғаушыларының Нүкенованы алкогольді ішімдікке құмар болды деп айыптап, кінәні өзіне артпақ болғаны себеп болды. 

Қазақстандықтардың әлеуметтік желілері #Салтанатүшін (заСалтанат) және #БарлықҚазақстан (весьКазахстан) тегтері бар флешмобқа толды. Бұл әрекетке бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы өлтіруі себеп болды. 

Фото: Видеодан алынған скрин



Айта кетейік, бұған дейін Бишімбаев әйелін ұрғанын мойындап алайда оның “маңызы бар органдарына тигізбегенін” алға тартқан. Бишімбаев оны "бір-екі шапалақпен ұрғаннан кейін" марқұм әйелі өзі құлап, қабырғаға соғылды деген.

Айыпталушы Қуандық Бишімбаев сот алдында жауап беруді жалғастырып жатыр. Бұған дейін сотталушы  қайғылы жағдай орын алған күннің қалай басталғанын айтып берген.

Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов - қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталған.

Талқылау