"Мені асырап алған": Атышулы Жан Ахмадиев даулы мәлімдеме жасады
Рэпер, белсенді блогер Жан Ахмадиев балалық шағына қатысты даулы мәлімдеме жасады. Ол бала кезінде ата-анасының тастап кеткенін, өзге адамдардың қолында тәрбиеленгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ахмадиевтің бағдарламада өзі туралы айтқан мәлімдемесі желідегі пабликтерде тарап кетті.
"Мені асырап алған. Мен бірақ қазір әкемді иттің етінен жек көремін. Ол мені кішкентай кезімде беріп жіберген. Баланы тастауға болмайды. Жағдайды жасап алғаннан кейін, ол шалдың маған керегі не?
Бауырыңнан бөлініп шыққан баланы тастау деген безбүйректік. Мен оған кезінде керек болмағанда, ол маған қазір не үшін керек? Ол адамның болашағыма еш қатысы жоқ. Мені басқа адам асырады. Әкемнің есімі - Амангелді, сол кісінің арқасында адам болдым. Сол кісіні пір тұтамын, құрметтеймін", - деді Жан Ахмадиев.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр