Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда жүз жиырмадан астам қой белгісіз жағдайда қырылып қалды

бір отар қой қырылды
Фото: сюжет кадрларынан скрин

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында белгісіз жағдайда 120-дан астам қой қырылды. Оқиға орнына ветеринар мамандар барып, малдың өлім себебін анықтамақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "24KZ" порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мамандар сараптама жүргізу үшін сынамалар алып үлгерген. Зертханалық зерттеу нәтижелері шамамен он күннен кейін дайын болады. Қырылған малдың өлекселері арнайы бөлінген жерде жойылып, қора-жайлар дезинфекцияланды.

 “Қорада 126 қой қырылды. Шопанның айтуынша, бұл 10 шаруашылыққа тиесілі мал. Кеше күнге дейін олар бір суаттан су ішкен. Малдың неден қырылғанын зертханалық талдаулар көрсетеді”, – деді Бейнеу ауданы ветеринарлық станциясының басшысы Нұралы Садықұлов.

Гүлсезім Мұхатай
Сәрсенбі, 30 Қыркүйек, 2026 08:29