AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мені алып кетеді деп қайталай берді": Нұр-Сұлтандық бойжеткен такси жүргізушілерінің үрейін ұшырған

Нұр-Сұлтанда жергілікті тұрғын көлігіне кіріп, бірнеше минут отырған белгісіз адамның әрекетіне шағымданған. Ер адам құқық қорғау органдарына жүгінген. Айтуынша, бейтаныс ару көліктен шығу талаптарын елемеген. Әлеуметтік желі қолданушылары да мұндай оқиғаға тап болғандарын жазған еді. Ал полиция департаменті бөтен адамның көлігіне рұқсатсыз отырып алып, шықпай қойған қыздың алаяқ емес екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty арнасына сілтеме жасап.

қыз

Ерсін Төлегенов мешіттен шықаннан кейін көлігіне отырып, жүруге оқталғанда белгісіз қыз оның темір тұлпарының артқы орындығына отырып алған. Ер адам одан бірнеше рет шығуды өтінеді, алайда әлгі қыз оның сөзін елемеген.

"Құлағы естімейді немесе сөйлемейді деп ойладым. Телефонға жаздым, көрсеттім. Жауап жоқ. "Мені  қазір алып кетеді" деп жан-жағына қарап, қайталай береді. Сосын машинадан шықтым да, "Қарындас, шығыңыз, маған жүру керек" деп 1-2 рет қайталадым. Тұрды да, жан-жағына қарап машинадан шықты", – деді қала тұрғыны Ерсін Төлегенов.

Мұндай оқиға бірнеше адамның да басынан өтіпті. Әлеуметтік желілерде сол қыздың жанармай құю бекеттері мен автотұрақтарда басқа адамдардың көліктеріне отырғаны туралы бейнелер бар. Интернет қолданушыларының басым бөлігі қыздың әрекетін алаяқтыққа теңеген. Алайда тәртіп сақшылары бұл жағдайда ешқандай қылмыс анықталмағанын айтады.

"Биыл 8 маусымда белгісіз әйелдің бөтен көлікке отырғаны және сыртқа шығудан бас тартқаны туралы хабарлама келіп түсті. Есіл ауданының полиция қызметкерлері осындай фактілерге жол бермеу туралы алдын алу бойынша әңгіме жүргізді. Әйел тарапынан басқа да заңсыз әрекеттер анықталған жоқ", – деді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.

Бейнекадрларды көрген психолог Анна Поздеева адамның психиатриялық ауруы бар немесе есірткінің әсерінен болуы мүмкін деген болжам жасады. Бұдан бөле,к психолог басқа да нұсқаларды алға тартты.

"Бұл ойын қағидаты бойынша интернет-құбылыс болуы мүмкін. Қазір көптеген ойын түрлері бар. Мысалы, "Кальмар ойыны", тапсырма берілген кезде сіз өзіңізді түсіріп, әрекетіңізді дәлелдеуіңіз керек. Егер сіз бұл тапсырманы орындаған болсаңыз, онда сіз келесі деңгейге өтесіз. Осындай көрінісі болуы мүмкін. Ол үшін ақша төлейді десем де, қателеспеспін", – деді психолог Анна Поздеева.

Психологтың айтуынша, қыздың іс-әрекетінде алаяқтық белгілері жоқ. Сондықтан автокөлік жүргізушілеріне алаңдамауға кеңес берді. Ал полиция департаментінің өкілдері егер жағдай қайталанса, "102" жедел қызметіне қоңырау шалуға кеңес берді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр