Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Менен жасы кіші": Алтынай Жорабаева екінші күйеуінің кім екенін өзі айтып берді

Алтынай Жорабаева екінші жолдасы жайлы айтып берді. Әншінің айтуы бойынша, ол өзінен жасы кіші жігіт. Өнер әлемінен алыс. 

Бұл туралы әнші желідегі парақшасында айтты. 

"Қайырлы күн, қымбаттыларым! Міне, жүзік тағылды. Жолдасым ел алдында ұсыныс жасап, жүзікті таққысы келген жоқ. Себебі ел алдында жүрген адам емес. Өнерден алыс адам. Оның үстіне орыс мінезді. Мінезі ауыр, әрі ұялшақ. Сондықтан оны да түсіну керек деп ойлаймын. Бастысы қыздарыма жақсы әке болып жүр. Маған қарағанда қыздарым осы жігітпен бірге болуымды қалады. Маған жазған тілектеріңізге рақмет! Сіздерге еселеп қайтсын! Ел алдында жүрген өнер иесі болған соң әр қадамың сынға түсіп отырады. Сол себепті қысқаша айта кетейін дедім. Жолдасым Қостанайдың жігіті. Руы арғын", - деді әнші. 

Желі қолданушылары жолдасы екеуінің бірге түскен суретін жариялауды сұрайды. Бірі бақыт тіледі. Енді бірін той мәселесі қызықтырды. 

"Екі жаста тұрған ешнәрсе жоқ, бастысы сізді түсінсе болғаны", "Бұрын отбасы құрған ба? Жақсы танисыз ба?", "Қостанайдың келіні болыпсыз ғой", "Сіз бақытты болыңызшы", "Орамалыңыз құтты болсын, той бола ма?", - деп жазды олар. 

Айта кетейік, Алтынай Жорабаева сүйіктісімен түскен суретін жариялап, екінші рет тұрмысқа шығатынын мәлімдеген еді.



 

Талқылау