"Қайын әпкем жеңгем болып қалды": Келіні Алтынай Жорабаеваның кімге тұрмысқа шығып жатқанын айтты

Алтынай Жорабаева екінші рет тұрмысқа шықты. Бұл туралы күні кеше әншінің өзі хабарлаған еді. Әншінің келіні қайын әпкесінің өзіне жеңге болып қалғанын айтып, елді қызықтырып қойды. 

Бұл туралы Талғат Жорабаевтың жары жазды.

Айтуынша, әнші Алтынай Жорабаева Ұлы жүзге келін болған. 

"Әпкетай-Жеңешем, бақытты болыңыздар... Ағам алтын ғой алтын... Осындай жезде тауып берген сізге Алла разы болсын!!!! Аллаға шүкір етемін... Сіз бақытқа лайықсыз. Жеңешелі болып жатырмын. Ал, қайын әпкем одан да жақын болды-ау. Ағамның гүлі болып жүре беріңіз. Арғындар елі ұлы жүзбен құдаласып жатырмыз ал", - деп жазды әншінің келіні парақшасында

Айта кетейік, Алтынай Жорабаев сүйіктісімен түскен суретін жариялап, екінші рет тұрмысқа шығатынын мәлімдеген еді. Бүгін тағы бір жақсы жаңалық айтып сүйіншілейтінін жеткізген болатын. 

"Алла бармақтай бақ берсін", "Ма ша Алла құттықтаймын. Әр әйел тек бақытты болуға лайықты", "Бақытты болсын! Бәрібір сәлем саласыз", "Алтынай ақылы көркіне сай бақытты болсын. Алла тілегін берсін. Қуаныштымыз", - деп жазды олар.

 

Талқылау
Пікір
Жеңімпаз
21 Мам, 20 жыл - 23:46

Осындай ақпараттың кімге қажеті бар? Не бопты күйеуге шықса, кім шықпай жатыр. Тем более екіншісіне. Балалары аман болсын. 

Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр