"Мен ұнасам, Мессиді жек көрудің қажеті жоқ": Роналду жанкүйерлеріне мәлімдеме жасады
Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду аргентиналық "Интер Майами" шабуылшысы Лионель Мессимен қарым-қатынасы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі SAPO Desporto басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

38 жастағы Роналду жанкүйерлеріне "Мессиді жек көру" міндетті емес екенін айтты.
"Мессиді кім жақсы көрсе, Роналдуды жек көреді, ал Роналдуды кім жақсы көрсе, ол Мессиді жек көреді”. Мен мұндай сөзге мән бермеймін. Біздің арамыздағы бәсеке әлдеқашан біткен. Егер сізге Криштиану Роналду ұнаса, Мессиді жек көрудің қажеті жоқ. Екеуміз де жақсы адамбыз және футбол тарихын өзгерттік. Бастысы, бізді бүкіл әлем құрметтейді. Ол өз жолымен жүріп жатыр. Мен де өз жолыммен кетіп барамын.
Месси өз жұмысын жақсы істейді. 15 жыл бойы футбол сахнасын бөлістік. Біз жақын дос емеспіз, бірақ әріптес ретінде бір-бірімізді сыйлаймыз", – деді Роналду.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"