"Мен үшін дұға етіңіздерші": Жігер Ауыпбаев аурухана түсіп қалды
Жігер Ауыпбаев ауруханаға түсті. Әнші жағдайын айтып, көпшіліктен өзі үшін дұға тілеуін сұрады. Желі қолданушылары шипа тілеп, дұға етті.

Әнші бұған дейін аяқ астынан ауырып, сөйлей алмайтын халге түскенін айтты. Мұны қара сиқырмен айналысушылардың ісі деп атады. Әнші дәрігерге қаралып, тиісті ем-дом қабылдағанын жасырмайды, алайда одан еш нәтиже болмапты.
- 16 жастағы қызды алып қашпақ болған Жігер Ауыпбаев сынның астында қалды
- Жігер Ауыпбаев талантымен елді баураған қойшы баланы шәкірт етіп алды
“Осыдан 5-6 күн бұрын сап-сау жүрген едік табанасты бір бәле келіп жабысты да кетті. Мүлдем сөйлей алмай қалдым. Тамақтан бір тікен қадалды да не тамақ өтпейді, не жұтына алмай қалдық", - дейді ол.
Әнші тыңдармандарына өтініш етіп, өзі үшін дұға тілеуді сұрады. Желі қолданушылары шипа тілеп, дұға етті. Енді бірі сын айтты.
“Тезірек сауығып кетіңіз, амандығыңызды тілейміз”, “Аман болыңыз, аға, ауырмаңыз”, “Қай жеріңіз ауырып жатыр?”, “Алла шипасын берсін, сау жүріңіз, амандық болсын”, “Титтей бір жері ауырса елге көрсететіні несі?”, “Елдің бәрі ауырып жатыр, әншілер ғана емес”, “Ер адамға жараспайтын мінез”, – деп жазды олар.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты