Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

16 жастағы қызды алып қашпақ болған Жігер Ауыпбаев сынның астында қалды

16 жастағы қызды алып қашпақ болған Жігер Ауыпбаев сынның астында қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Келіншегің бар ғой: 16 жастағы қызды алып қашпақ болған Жігер Ауыпбаев сынның астында қалды

Танымал  өнер иесі өзінің отбасылық жағдайын жұрттан жасырын ұстауды жөн көреді. Содан болар, Жігер Ауыпбаевқа қатысты алып қашпа әңгімелердің де қатары аз емес. Тыңдармандары соңғы кезде үйленді деп есептеп жүрген әнші 16 жастағы қызды алып қашамын деп таңқалдырған.

"Сен менің королевамсың, мен сенің королің болам десем, "ағай, ағай" - дей береді. Қарындас қалай, қалай, қалай? Қойсаңшы күнім "ағайламай", ағаң боп жүріп сүйіп қалдым мен абайламай десем сынбай жатыр. Алып қашайын ба? Жасы 16 да", - дейді Жігер Ауыпбаев. 

Жұрт әншінің 16 жастағы қызды алып қашқысы келген ниетіне қарсылық танытты. Олар келіншегі бар еркектің бұлай сөйлегені дұрыс емес, кішкентай қызды алып қашу заң жүзінде жазалануы керек деп пікір қалдырған.


"Келіншегім жоқ": Жігер Ауыпбаев жеке өмірінің құпиясын ашты >>>

"Үйленбегенсіз бе сонда сіз?", "Алып қашпа, 18-ден 19-ға аяқ бассын, жас әлі", "Алып қашпаңыз, әкесінің алдынан өтіңіз, батасын алыңыз", "Бұл жігіттің әйелі мен бала-шағасы бар ма? Екінші әйел етіп алып жатыр ма? Қазір жұлдыздарға сән болды ғой", "16 жастағы қызды алып қашсаңыз, қылмыс болып есептеледі", "Өзіңнің келіншегің бар еді ғой", - деп пікір білдірді жұрт. 

Талқылау