Соңғы жаңалықтар

"Мен бақыттымын": Әнші Шахизада сүйіктісі барын айтты

Әнші Шахизада бүгінде жалғыз емес. Сүйікті болу, сүю адамның жасына байланысты берілетін сезім емес деп түсінетін әншінің көңілі жас. 

"Шын сүю және шынайы сені сүю. Өмірдің мәні осында! Таза махаббат адал махаббат қана сені алға жетелейді. Сүйе білген бір бақыт
Жасыңның қаншада екені маңызды емес, жүректің қаншада екені мен үшін маңызды.

Осы сезімді түсініп өмір сүрген адам ғана бақытты. Мен бақыттымын, Аллама шүкір. Жүрегімнің иесі бақытты. Бүгін осындай ойлармен ояндым", -деп жазды әнші парақшасында.Желі қолданушылары немересі бар әншіні сын астына алса, енді бірі бақыт тілеп қолдау білдіруде. 


«Жолдасым болмаса да, Құдай маған немерелерімді берді»: Шәхизада әйел бақыты туралы сыр шертті


"Қанша жаста екен? Немере бағып отыру керек-ау. Неғылған бітпейтін махаббат, не деген сезім?", "Баласын бақты.Немерені бағуға міндетті емес.Оны əке шешесі бақсын", "Сіз бақытты болуға лайықтысыз, армандарыңызға жете беріңіз", "Қазақта бақпасаң мал, қарамасаң қатын кетеді деген сөз бар. Әрбір ер адам анасын, қызын еркелеткендей жарларын да еркелетіп мхабатқа бөлеуге міндетті", "Әр әйел бақытта болуға лайықты", - деп жазды әншінің желідегі оқырмандары.

Айта кетейік, Шахизаданың үш немересі бар. Көп балалы ана болуды армандаған әнші бір баланы ғана өмірге әкелгенімен, келіні үш немере сыйлады. Ұлының артынан ергендері көп болса екен деп армандайды. Әйел бақытының сыры осында дейді өзі. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр