AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен әйелімді өлтірген жоқпын": Қарағандыға барар жолда жоғалып кеткен жүкті әйелдің күйеуі халыққа жүгінді

Бірнеше күн бұрын Нұр-Сұлтаннан Қарағандыға барар жолда жоғалып кеткен әйелдің өлер алдында жазып кеткен хаты жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жоғалып кеткен

Хатты оның күйеуі Александр Ершов тауып алған сыңайлы. 14 қаңтарда Ақмола облысынан Қарағандыға таксиге отырған келіншек із-түссіз жоғалып кетіпті. Қазіргі таңда оны іздестіру шараларына әйелдің жақындарынан бөлек полицейлер мен еріктілер жұмылдырылған.

29 қаңтарда екі азамат жоғалып кеткен Гүлнәр Сәрсенованы танып, оны Қарағандыдағы Восток-1 ықшам ауданында көргенін айтыпты. Алайда күйеуі іздеп барып, айтқан жерден таба алмаған. 



Жақын күндері әйелін жоғалтқан ер азамат видеоүндеу жазыпты. Сөзінше, 28 желтоқсанда жары өз анасымен жанжалдасып қалғаннан кейін тұйықталып кеткен. 

"Қолымнан келгенше жұбайымды қолдауға тырыстым. Алайда мен жұмыстарым шығып, жол жүруіме тура келді. Ол да кетіп қалыпты. Өлер алды жазған хатында әйелі оны ешкім түсінбейтінін айтып, өзіне қол салғысы келетінін жеткізген. Сол себепті барша адамдардан көмек сұраймын: мүмкін, біреулер оны көріп, ол туралы естіп білген де шығар. Менің WhatsApp нөмірім 8-777-024-35-35. Бұдан кейін жағдайдың байыбына барып, қауесет таратпауларыңызды сұраймын. "Мен өз әйелімді өлтіріп, көміп тастады" деп жазып жатқандар да бар. Олай істесем не үшін сонша тер төгіп, іздеп жүрмін?", - дейді Александр Ершов. 

Оның айтуынша, хатты әйелінің кимідерінің арасынан тауып алған. 

"Әлім таусылды, өмір сүргім келмейді. Бәрінен шаршадым. Егер маған бірнәрсе болса, бұған ешкімнің кінәсі жоқ. Мен өзім солай шештім", - деп жазыпты Гүлнәр.

Еске салайық, бұған дейін аяғы ауыр 32 жастағы қарағандылық келіншектің жоғалып кеткені жайлы айтылған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр