Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда полицияға хабарласудың жаңа әдісі пайда болды

Елімізде тәртіп сақшыларына хабарласудың жаңа әдіс-тәсілі жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

полиция

"Ішкі істер министрлігі "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатын іске асыру мақсатында бүгін 1 ақпаннан бастап полицияға хабарласудың жаңа әдіс-тәсілін іске қосты. Ендігі уақытта кез-келген адам "102" мобильді қосымшасы арқылы құқық қорғау органдарына хабарлама жібере алады. Оның ішінде вандал, қоқыс тастау, есірткімен айналысу, қоғамдық орындардағы тәртіпбұзушылық әрекеттер және тағы басқа заңсыз әрекеттер жатады", - деді ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі әрі ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, аталған мобильді қосымша көмегімен аудио және бейнежазба арқылы да байланыс орнатуға болады. 

"Яғни операторға болған жағдайды тікелей жеткізу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, оператор адамның қай жерден хабарласып, онда не болып жатқанын тікелей көре алады. Тиісінше шұғыл шара қолданатын болады. Одан бөлек, азаматтарды толғандырған сұрақтарға жауап беру мақсатында ВКонтакте, Телеграм, Facebook әлеуметтік желілерінде ақылды виртуалды кеңесшінің көмегі қарастырылған", - дейді ол.

Талқылау