Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Мен ақымақпын”: Қайрат Нұртастың інісі Заңғар сүйіктісіне сезімін білдірді

Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас сүйіктісіне көпшілік алдында сезімін білдірді. Жақында қалыңдығын елге таныстырған ол енді жүрекжарды жазба арнады. 

“Ақымақтардың жолы болғыш. Сондықтан мен ақымақпын. Миллиардтардың ішінде сені таба алдым. Тағдырыма ризамын. Енді ол маңызды емес. Бастысы, сені жоғалтып алмасам деймін. Ақымақтардың жолы болғыш. Мүмкін, бәрінің бірдей жолы бола бермейтін шығар. Бірақ іздеген табады. Мен сені үйлер мен көшелерден іздедім. Ақыры таптым. Барлықтарыңызға ниет, тілектеріңізге рахмет, мың еселеніп өздеріңізге келсін”, – деп жазды Заңғар парақшасында. 

Заңғар Нұртас бірнеше жылдан бері қол ұстасып келе жатқан қалыңдығын көрсетті. Ол жақында үйленетінін жария етті. 

Бұған дейін Гүлзира Айдарбекова болашақ келінін көпшілікке көрсетіп таныстырған еді. Айтуынша, екі жас 9 жыл қыз-жігіт болып кездескен. Жуырда Гүлзира және Нұртас Айдарбековтер болашақ құдаларымен кездесіп, "тәтті шай" рәсімін өткізген.

Желі қолданушылары бақытты бол десіп жатыр. 

“9 жыл жүрген соң бауыр басып қалады”, “Бірге оқыған шығар”, “Жақсы болған екен, бақытың баянды болсын”, “Аман-есен болыңыздар”, “Жақсы жаңалық”, “Қалыңдығың анаға ұқсайды”, “Жарасып тұрсыздар”, “Жүрекке әмір жүрмейді”, “Әркім өз жүрегінің иесі”, “Артық әңгіме айтып не керек?”, – деп жазды олар. 


Талқылау