Мемлекеттік күзет қызметі қорғайтын нысандарды террористік актілерге осал нысандар қатарына қоспақ
Мемлекеттік күзет қызметі қорғайтын нысандарды террористік актілерге осал нысандар қатарына қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Енді осы нысандарды ерекше күзету қажет болады.
"Күзетілетін объектілер – күзетілетін адамдар тұратын ғимараттар, құрылыстар, мемлекеттік күзет қызметі қорғайтын басқа да нысандар, сондай-ақ оған іргелес аумақ пен акватория", — делінген үкімет қаулысына енгізілген өзгерісте.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті түзетулер ескірген стандарттарды жойып, оларды қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіреді деп түсіндірді.
Терроризмге осал объектілерге ерекше маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті өндірістік объектілер, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері, адамдар көп жиналатын объектілер, терроризмге қарсы қорғанысты міндетті түрде ұйымдастыруды талап ететін күзетілетін объектілер жатады.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді