Мемлекеттік қызметкерлерді ауыл-аймаққа жіберу туралы ұсыныс айтылды
Ауылдағы кадрлардың жетіспеушілігін азайту мақсатында мемлекеттік қызметкерлерді Қазақстанның аймақтарына жіберу жоспарлануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мемлекеттік қызметкерлерді «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қосу туралы ұсыныс айтты.
«Ауылдық аймақтардағы кадрлардың жетіспеушілігін азайту мақсатында мемлекеттік қызметкерлерді «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қосуды ұсынамын», - деді Дәленов.
Сонымен қатар министр жергілікті басқару қызметінің өкілеттігін арттырып, ауылдық округтардың бюджет тәртібін жеңілдетуді ұсынды.
Қазіргі таңда министрдің бұл ұсынысы аудандық, қалалық және ауылдық биліктің дербестілігі мен жауапкершілігін арттыру туралы заңнама барысында қарастырылатын болады.
Ауған қараторғайлары торғайларды ығыстырып жатыр ма: Орнитолог құстар санының өзгеруіне не әсер ететінін айтты
Торғайлардың азаюына нақты майна себеп болып отыр деген қорытынды жасауға жеткіліксіз
"Алты қыздың ішіндегі жалғыз бала": Жамбыл облысында 14 жастағы оқушы мұғаліммен даудан кейін өлі табылды
Марқұмның туыстары 7 ай бойы үндемедік, дейді