Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет гектарлап меншіктеп алған жер телімдерін тартып алып, ортақ меншікке бермекші

Үкімет жайылымдарды мемлекетке қайтарудың жолын тапты. Олар гектарлап меншіктеп алған жер телімдерін тартып алмақшы. Сөйтіп, ол жайылымға өріс таппай отырған ауыл жұртының ортақ меншігіне беріледі. Сенат бүгін жер қатынастары жөніндегі заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы КТК хабарлады.

Мемлекет гектарлап меншіктеп алған жер телімдерін тартып алып, ортақ меншікке бермекші

«Осы мақсатта айқындалған жайылымдарды жалға беруге тыйым салынатын болады. Сонымен қатар, бүгінгі күні елдімекендердің маңындағы жайылымдардың көбі жеке және заңды тұлғаларға беріліп кеткенін ескеріп, ол жерлерді қайтару мемлекеттік мұқтажға жатқызу заң жобасымен белгіленіп отыр»,-дейді ҚР Ауылшаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев.

Шөкеевтің айтуынша, ауыл халқының жеке аула малына жайылым жетіспеушілігін шешу мақсатында заң нормасы көзделіп отыр. Ал аймақтардағы жергілікті әкімдіктер қажетті жер көлемін есептеп беріпті. Ауыл жұрты бүгінде жайылым үшін 27 миллион гектарға мұқтаж. Сондықтан, министрлік кәсіпкерлерге беріліп кеткен алқап-алқап жер аумақтарын мемлекет меншігіне қайтарып алу үшін 180 миллиард теңге жұмсайын деп отыр. Ол бюджетте қарастырылып та қойылған. Сонымен бірге, жеке тұрғын үй салуға 173 мың гектар қажет. Ол үшін қазынадан тағы 1 миллиард теңге бөлінбек.
Оқи отырыңыз: 

Енді қазақстандық магистранттар мен докторанттар Францияда тегін білім ала алады

Назарбаев пен Путин келеді дегенді естіген петропавлдық шенеуніктер жол бойындағы ауылдарды қоршап жатыр 

Ақтөбеде әріптестеріне пара бермек болған прокурордың ісі сотта қаралып жатыр 

Үздік есім: Жұлдыздар Бүркіт пен Аишаның қызына есім таңдауда өзара сайысқа түсті

Талқылау