Мемлекет басшысы Алматыға келді
Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс барысы бойынша Алматыға келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Сапар барысында Қазақстан Президенті қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалымен танысады және медицина қызметкерлерімен әңгімелеседі. Сонымен қатар білім беру орталығын, индустриялық және инфрақұрылымдық нысандарды аралап көреді деп жоспарланған.
Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қоғам қайраткерлерімен және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізеді.
Су жаңа Құрылтай қалай жұмыс істейді және заң қалай қабылданады
Сарапшының пікірінше, бір палаталы жүйе заң қабылдауды жеделдетуі мүмкін
"4 миллион теңге айыппұл төледім": 2026 жылы Қазақстанда білім грантын өтеу үшін нені білу керек
Университетті енді тәмамдаған түлектер грант өтеуі туралы нені білуі керек?