Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан мен Ресей президенттері телефон арқылы сөйлесіп, екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Akorda.kz сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге ТМД, АӨСШК саммиттеріне, сондай-ақ қазан айының ортасында Қазақстан астанасында өтетін "Орталық Азия – Ресей" мемлекеттер басшыларының отырысына қатысуға келіскеніне ризашылығын білдірді. Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жолдауында айтқан ауқымды міндеттерді жүзеге асыруда табыс тіледі.
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырып келе жатқан үкіметтердің тиімді өзара іс-әрекетін атап өтті.
Екі ел басшысы тұрақты жұмыс байланысын жалғастыруға келісті.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда