"Мектепте еден жудым": Тамара Асар студент күнінде қиналған сәтін есіне алды
Танымал әнші Тамара Асар жас күнінде бірнеше жұмыс істегенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/tamara_assar_official/
Өнер иесі студент кезінде ақша табу үшін ешқандай жұмыстан намыстанбағанын жасырмады.
"Адамды адам ететін еңбек. Мен әдемі өмір сүргім келді... Өзіңді өзің жас кезіңнен жасайсың. Еденді де жудым. Музыкалық факультет жанында кішкентай мектеп болатын, таңда барып соның еденін жуатын едім. Достарыма айтуға ұялдым. Аптасына бір рет ансамбльге барып, ән айтып келемін. Түрлі тамақ саттым. Оның барлығы – еңбек. Тиыннан теңге, тамшыдан теңіз құралады", – дейді Тамара Асар.
-
"Ат-түйенің құнындай": Тамара Асар 10 жыл бұрынғы сахналық көйлегін көрсетті
-
"Жалғыздығын сездім": Тамара Асар Назарбаевпен жолыққанда не үшін жылағанын түсіндірді
Сондай-ақ өнер иесі болашақта бизнес саласына бет бұрып, самаурынды халыққа қолжетімді етіп шығармақ.
“Тефальдың қайнағанына қанағаттанбаймын. Болашақта халыққа қолжетімді болатындай самаурынды сатуға шығарамын. Қазір белгілі себептерге байланысты тоқтап тұр. Егер мәселелер шешілсе, өте жақсы жаңалықты айтамыз. Самаурынды қымбат деп ешкім ала бермейді. Жұмыс кестесі тығыз адамдар тез қайнайтын шәйнектерді қолданады. Сол олқылықтың да орнын толтырып, бәріміз бірге самаурыннан шай ішетін күн алыс емес”, – деп жан сырын ақтарды әнші.
Еске салайық, эстрада жұлдызы протезді жасыруға арналған көйлектерін көрсеткенін жазған едік.