Мектепке хиджабпен келуге бола ма – Оқу-ағарту министрі жауап берді
Үкімет отырысының кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепке хиджаб киіп келуге қатысты пікір айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Біздің мемлекетіміз Конституция бойынша зайырлы ел деп есептеледі. Мектеп те зайырлы. Оның үстіне 2016 жылы мектеп формасына қатысты бекітілген бұйрық бар. Онда ешқандай өзгеріс болмады. Сондықтан мектеп формасына қатысты талап бойынша оқушылардың барлығы мектепке тек мектеп формасымен келу керек. Барлығы заң аясында және белгіленген тәртіп бойынша болуы керек”, – деді министр.
Бейсембаевтың айтуынша, зайырлы мемлекет болғаннан кейін зайырлы елдің заңын орындауымыз керек.
Министр бұған дейін де БАҚ өкілінің Бейсембаевқа "қолдайсыз ба, қолдамайсыз ба" деген сұрағына нақты жауап бермеген еді.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”