Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп жабылады: Тоқаев ата-ананың бірін ақылы демалысқа жіберуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жедел ден қою штабының отырысын өткізді, оған мемлекеттік органдардың басшылары қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев

"Президент жұмыс берушілермен үйде балаларымен бірге отыруға мәжбүр болған ата-аналардың біреуіне ақылы еңбек демалысын беруге қатысты жұмыс жасауды тапсырды", - делінген хабарламада.

Үкімет сонымен қатар фискалдық тетіктер арқылы кәсіпорындарды қолдау шараларын қабылдауы керек.

Тоқаевтың айтуынша, коронавирустың таралуына қарсы тұру үшін қабылданған шаралар негізді және уақтылы жасалған, өйткені олар қазақстандықтарды қорғауға бағытталған.

Мемлекет басшысы сонымен қатар кәсіпорындар мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлерінің медициналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдау қажет екенін айтты.

Сонымен қатар, президент медициналық мекемелер мен халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін тез арада шешуді, сондай-ақ медициналық мекемелердің дайындығын тексеруді талап етті.


Тағы оқыңыз


Бейсенбі, 12 наурыз күні елде бірқатар шектеулер енгізілді.

Қоғамдық іс-шараларды, оның ішінде мәдени, спорттық, ойын-сауық шараларын, көрмелер мен концерттерді өткізуге тыйым салынды.

Медициналық мекемелерде, білім беру, қоғамдық орындарда санитарлық және дезинфекциялық режим күшейтілді.

Оқушылар демалысын әдеттегіден ертерек - 16 наурыздан бастап (21 наурыздың орнына), ал университеттер мен колледждер қашықтықтан оқытуға көшуде.

Сонымен қатар бірқатар елдермен халықаралық жолаушылар тасымалына шектеулер енгізілді.

 

 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Гелендваген көлігін алғым кеп жүр": Қазақстандық жұлдыздардың көлігі қандай

Динара Сұлтан: 17 жасымнан бастап көлік айдаймын

Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі жарияланады

Елбасының баспасөз қызметінде көрсетілгендей, мақала Elbasy.kz сайтында және республикалық газеттерде жарияланады

Қостанай облысында коронавирус жұқтырғандар Шарм-эль-Шейхтен ұшып келген

Олар Тобылдағы карантиндік ауруханада жатыр

"Кейбір азаматтардың сана-сезімінің төмендігін байқап отырмыз": Алматы полициясы көшеде жүргендерді не үшін ұстап әкеткендерін түсіндірді

Әлеуметтік желілерде тұрғындардың қолын қайырып әкетіп бара жатқан полиция қызметкерлерінің видеосы таралды

Назарбаевтың денсаулығына байланысты сыбыстардан кейін, оның фотосуреттері мен видеосы пайда болды

Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Асқар Маминмен кездесті

25 мың теңгеге дейін қымбаттаған зімбірдің пайдасы бар ма

Дәрігерлер зімбірден гөрі емдік шөптен жасалған шайларды ішуге кеңес беріп отыр

Қарағандыда COVID-19 жұқтырған 7 адам туралы не білеміз

Барлық науқастар эпидемияға қарсы қауіпсіздік шараларымен оқшауланған және емделуде

Алматы облысының тұрғынына үй карантинін бұзғаны үшін 26 мың теңге айыппұл салынды

Ресей Федерациясынан келген азамат үй карантинін бұзған

Ботокс, шаш, макияж: Жұлдыздар күнделікті күтіміне қанша ақша жұмсайды

Алтынай Жолдыбаева: Менің көкірегім кішкентай, бірақ өзіме ұнайды

Қостанайда коронавирус жұқтырған ерлі-зайыптылар Мысыр елінен оралған

Дәрігерлердің науқастар жағдайы қанағаттанарлық екендігін айтып кетті
Çàãðóçêà...