10 жасында жүкті болған қыз бала 11 жасында босанды
Он жасында жүкті болған британдық оқушы сәбиін аман-есен дүниеге әкелді. 11 жасында босанған ол Ұлыбританиядағы ең жас ана болды. Ең қызығы оқушының ата-анасы қызының екіқабат екенін білмеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, жаңа босанған ана мен мерзімінен бұрын туылған сәбидің жағдайы жақсы. Қазір олар ауруханада дәрігердің бақылауында. Баланың әкесі кім екендігі туралы ақпарат жоқ. Бір қызығы, оқушы қыздың ата-анасы жақында ата-әже болатынын білмепті.
"Қатты таңғалдық. Қазір қызды түрлі сараптамалар күтіп тұр. Ең бастысы, ана мен баланың денсаулығы. Бірақ қыздың отбасы қалай білмей қалды деген сауал көп", – деді қыздың ата-анасының жақын досы.
Британдық дәрігерлердің айтуынша, қазір балалардың жыныстық жетілу жасын төмендету үрдісі байқалады. Салмақ көптеген гормондарға әсер етеді. Тиісінше, жыныстық жетілу жас кезінде тез килограмм жинайтындарда ертерек пайда болады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"