Мексикада қораздар жекпе-жегі кезінде 20 адам қаза тапты
Мексикада қораздар жекпе-жегі кезіндегі атыстан 20 адам қаза тапты. Қанды оқиға Мичоакан штатындағы Лас-Тинахисте болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Лас-Тинахисте жергілікті "Жаңа Халиско ұрпағының картелі" есірткі саудасын бақылау үшін бандалармен күресіп келген.
Мексика полициясы 19 мәйіт табылғанын мәлімдеген. Олардың 16-сы ер адамдар, 3-і әйелдер. Барлығы оқ жарақатынан мерт болған. Тағы бір адам ауруханаға барар жолда жан тапсырды. Қазір полицейлер оқиға орнында болған 15 көлікті тәркіледі.
"Мұнда екі топ арасында атыс болған", – деді Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор.
Мексика әскері мен ұлттық гвардия сарбаздары шабуыл жасағандарды табу үшін жұмылдырылған. Әзірге олардың қай қылмыстық топтан екені белгісіз.
Қораздар жекпе-жегіне Мексиканың көптеген аудандарында тыйым салынғанымен, тұрғындар уақыт өткізу үшін жиі жиналады екен және жасырын түрде ұйымдастырылады.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады