Меккеге қажылыққа барған қазақстандық азамат жол апатына ұшырады
Меккеге қажылыққа барған қазақстандық азамат жол апатына ұшырады. Дәрігерлер оған тиісті көмек көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚМДБ мәліметінше, Меккеге қажылық парызын өтеуге барған бір адам жол апатына ұшыраған. Ол дер кезінде ауруханаға жеткізіліпті.
Белгілі болғандай, ер адамның бас миы зақымдалып, денесі жарақаттанған. Ем тағайындалды.
Биылғы жылы 3 200 қазақстандық бөлінген квота бойынша қажылыққа аттанған. Хабарланғандай, олар 23 тамызға дейін елге қайтып келеді.
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті