Меккеде үлкен қажылық кезінде алты адам аптап ыстықтан қаза тапты
Меккеде үлкен қажылық кезінде алты адам қатты ыстықтан қаза тапты. Сауд Арабиясының шенеуніктері биыл температураның +48°-қа жетуі мүмкін екенін ескерткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Freepik.com
Қаза тапқандардың алтауы да Иордания азаматтары болып шықты. Иордания Сыртқы істер министрлігі Джиддадағы азаматтардың жерлеу рәсімін және денесін елге қайтаруды Сауд Арабиясы билігімен келісетінін жеткізді.
Оқиға 15 маусым күні Арафат тауының басында болған. Қаза тапқандардың бірінің жиені CNN-ге берген сұхбатында әпкесінің Арафат тауында көз жұмып, Сауд Арабиясында жерленгенін айтқан.
Сауд Арабиясының Бас статистикалық басқармасының мәліметі бойынша, биыл үлкен қажылыққа 1,8 миллионнан астам адам қатысқан.
Үлкен қажылық – әлемдегі ең үлкен діни жиындардың бірі. Ол жылына бір рет Рамазан айы аяқталғаннан кейін екі ай және 10 күн өткен соң, Зул-хижа айында жасалады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған