Цой: Медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдар маска тақпаса болады
Қарсы көрсетілімі бар адамдарға бетперде тақпауға рұқсат етілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қоғамдық орындарда, қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық орындарда және ашық аспан астында масқа тағу міндетті болып табылады. Ерекшелікке бес жасқа дейінгі балалар, жеке, топтық спортпен айналысатын адамдар және бес адамнан аспайтын адамдар кіреді. Маска туғуға медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарға да рұқсат етіледі", - деді Цой үкімет отырысында.
Сондай-ақ, Цой ашық алаңдағы тамақтану орындарында ғана маска тақпауға болатынын, қалған жағдайларда көшеде маска тағылмаса, жауапкершілікке тартылатынын айтты.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді