Медеу Арынбаев: Бізде Димаш сияқты жастар көп, бірақ оларды қолдамайды

Әнші Медеу Арынбаевтың айтуынша, елімізде Димаш сияқты дарынды жас әншілер көп. Тек оларды сахнаға алып шығуға қауқары бар продюсерлер мен қалталылар таланттарға қолдау көрсетпей отыр.

медеу арынбаев 250417

Бұл туралы Арынбаев 7-арнаның «Гу-гу-гәп» бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

«Димаштан басқа жас әншілер көп. Қазір есімдерін атамай-ақ қояйын, «Қазақстан дауысында» шыққан 2-3 халықаралық дәрежедегі әнші болды. Бірақ олар экраннан жоғалып кетті. Өздеріне продюсер таппай жатыр ма, келіспей жатыр ма, келісім-шарттар ойларынан шықпай жатыр ма, білмеймін неге екенін… Неге қара бет басып қалатындарын түсінбей қаламын. Бізде шетелдерге барып, басқа байқауларда жеңіп қайтсаң ғана сен өз еліңде құрметтісің, бағалысың. Солай қалыптасып қалған.

Осы жерде жүріп біздің продюсерлеріміз соларды неге жетелемей қалады екен, қалталы азаматтар неге қолдамайды екен деген сұрақ барлығымызда туындайды», – деп түсіндірді ол.

Әріптесінің пікірін әнші Ділназ Ахмадиева да қолдап отыр.

«Біздің елімізде кез келген байқауға қатыса алатын талантты адамдар аз емес. Оларды дұрыс дайындау керек. Халықтың абыройын асқақтатып, ұятқа қалмас үшін талантты, креативті, шын мәнінде өнерлі адамдарды жіберген жөн», – дейді ол.

Олардың бұл пікіріне әнші Нұрлан Абдуллин мен күйші Сырымтай Еңсепов те қосылды.

Жіберіп алмаңыз:

Меруерт Түсіпбаева әншілерді аттестациядан өткізіп тұруды ұсынды

Желі оқырмандары Баян Есентаевамен суретке түскен әртістерді сынап тастады (фото)

Анасы: Димашты “мен таптым” деп мақтануға қазағымнан қорқамын

Димаш қытайлық әріптесіне қазақ әнін үйретті (видео)

“Қыз Жібек” ариясын орындаған Салтанат Бақаева тыңдармандарын таңдай қақтырды (видео)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр