Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желі оқырмандары Баян Есентаевамен суретке түскен әртістерді сынап тастады (фото)

Актер әрі кинопродюсер Азамат Сатыбалды Алматыдағы кинотеатрлардың бірінде өнердегі әріптестерінің басын қосып, “Бір сен үшін” фильмінің тұсауын кесті. Бұл – Азаматтың продюсер ретінде түсірген тырнақалды туындысы.

баянмен суретке тускендер 2504

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жабық көрсетілімге қазақ киносының майталманы Асанәлі Әшімовтен бастап, елімізге белгілі актерлер, әншілер мен олардың продюсерлері қатысты.

ЖУЛДЫЗДАР АСАНАЛИ АШИМОВПЕН

Олар фильмнен алған әсерлерімен желідегі парақшаларында бөлісіп жатты. Мәселен, Аша Матай кино барысында 4 рет жылағанын айтса, Мәдина Сәдуақасова досы Азамат Сатыбалдыны басқа қырынан танығанын және қатты тебіренгенін жазды.

АША АРМАН АЗАМАТ

Айтпақшы, Мәдина Сәдуақасованың бұл кештегі образы желі оқырмандарының назарына ілікті. Көпшілік қара киім киіп келгені үшін әншіні сынап тастады. Желі оқырмандары қара киім кию жаман ырымның белгісі екенін айтты. Одан бөлек, әншіні атышулы продюсер Баян Есентаевамен суретке түскені үшін сөккендер көп болды.

БАЯН МАДИНА САЯТ

“Баян мына жерде артық, ел ағасымен қалай суретке түседі?”, “Баян қашып кетші, жаны да, тәні де сұлу адамдардың сынын бұзбай”, “Баянның орны басқа жер ғой”, – деп сынады желідегілер.

баян мадина ФАРА

Дәл осындай сын актриса Салтанат Бақаеваға да айтылды.

БАЯН САЛТАНАТ БАКАЕВА

“Баянмен қатар тұрмаш, Салта сен кереметсің”, “Салтанат Баяннан алыс жүрші”, “Салтанаттың сәнін құртып тұр”, “Салтанат, Баянмен араласпай-ақ қойшы, сен ол сияқты емессің ғой, жаман сөздер тиіп қалады”, – дейді желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

Анасы: Димашты “мен таптым” деп мақтануға қазағымнан қорқамын

Димаш Құдайберген елге оралды (фото, видео)

Қайрат Нұртастың анасы продюсерлікпен қоса әншілікті қолға алды

Астанада Димаш Құдайбергенді қошеметтеуге арналған салтанатты кеш өтеді

 

Талқылау