Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжілістің вице-спикері: Қазіргі БАҚ-тан кімнің кімге күйеуге шыққанын оқудан шаршайсың

Мәжілісмен мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қарқынды дамыту туралы көбірек жазуға шақырды.

Мәжілістің вице-спикері Владимир Божко ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтан министрліктің жұмысы туралы кеңірек айтып беруді сұрады, деп жазады Sputnik.

Дүйсенбі күні мәжілістегі үкімет сағатында Абаев депутаттарға  еліміздегі мемлекеттік қызмет көрсету туралы баяндады. Божко Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсету саласы қарқын әрі жүйелі түрде дамып келе жатқанын атап өтті.

“Біз жақсы нәселер туралы аз айтамыз. Кейде кімнің кімге күйеуге шыққанын, кім кіммен ажырасқанын оқудан шаршайсың, отбасылық өмірге араласып жатады. Ал игі істер туралы жақ ашпаймыз: бізде мемлекеттік қызметтер саны артып, сапасы жақсарды, бүгінде азаматтар әр есікке жүгірмейді, жүйкесі де көп жұқармайтын болған”, — деді Божко.

Вице-спикер Абаевты атқарылған жұмыстарды  бүкіл елге жария етуден «қысылмауға» шақырды.

Тағы да оқыңыз:

Үшінші тарап өкілдері қазақстандықтардың жеке мәліметтерін ала алады

ХҚКО-дан мәліметтер ұрланғаны туралы 60-қа жуық шағым түскен

Қазақстандықтар жаңа туған сәбиінің есімін SMS-хабарлама арқылы қоя алады

Талқылау