Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізуге 15 млрд теңге кететін болды

Сайлау ел бюджетіне 15 млрд теңге салмақ түсіреді. 2020 жылға арналған болжамды бюджет жасағанда 10,8 млрд теңге көрсетілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 "Бұл шығындардың негізгі үлесі 70 681 мүшенің және 10 061 сайлау комиссиясының еңбекақысына жоспарланып отыр - бұл 7,3 млрд теңге немесе жалпы шығыстар сметасының 68% -ы", - деді Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабина Мұстафина.

Сайлау комиссиясының ұйымдастыру шығыстары сметасында 3,5 млрд теңге жоспарланған. Бұған бюллетеньдерді, полиграфиялық және өзге де өнімдерді дайындау, сайлау процесінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында сайлау науқанын ақпараттық қолдау, сондай-ақ, сайлау комиссиялары үшін қажетті материалдық-техникалық жағдайлар жасау кіреді.

"Біз сайлау науқанын пандемия жағдайында барлық карантиндік шараны сақтай отырып жүргіземіз. Сондықтан барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшесін жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге 341,4 млн теңге сомасында шығындар көзделуде", - дейді ол.

Сайлауға кететін қаражат 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасында 4,5 млрд теңге сомасында көзделген. Бұл сома сайлау комиссиясы мүшелерінің еңбегіне ақы төлеуге жоспарланып отыр.

"Осылайша, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының Біріккен сайлау науқанына шамамен шығындар сметасы 15,3 млрд теңгені құрайды, - деп қорытындылады Сабина Мұстафина.

Талқылау