Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берді

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Парламент мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулиннің өкілетігін тоқтату туралы ұсыныс енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орталық сайлау комиссиясы сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, мәжіліс спикері өкілеттігін тоқтату туралы өтіншті өзі берген. 

“Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.З. Нығматулиннің өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулиннің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.З. Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін”, – делінген ұсыныста.

Айта кетсек, Нұрлан Нығматулин ең алғаш рет ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты болып 2012 жылы сайланған еді. Екі жылдан кейін ол президент әкімшілігінің басшысы қызметіне ауысып кетеді. 2016 жылы Нығматулин қайта Парламентке оралып, бір ауыздан мәжіліс төрағасы болып сайланады. Биыл саясаткер 60 жасқа толады.  

Талқылау