Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қосалқы мердігерді тартуға тыйым салынады": Мәжіліс мемлекеттік сатып алу туралы заңға өзгеріс енгізді

Қазақстан Республикасының мәжілісі "мемлекеттік сатып алу туралы" заңды екінші оқылымда қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

"Мемлекеттік сатып алу туралы" заң жобасы Қазақстан Республикасы президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспарының 43-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді. Ол президенттің 2022 жылғы 26 қарашадағы жарлығымен бекітілген.

Аталмыш заң жобасы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңтайландыруға және одан әрі автоматтандыруға, сатып алудың бірыңғай платформасын құруға бағытталған.

Заң жобасына енгізілген  түзетулер:

- Қосалқы мердігерлерге берілетін жұмыстардың шекті көлемін (50%-дан 30%-ға дейін) азайту, сондай-ақ конкурсқа жарияланбаған қосалқы мердігерлерді тартуға тыйым салу;

- Мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағымдану тәртібін нақтылау;

Ауылдық әкімдіктердің тиімділігі мен дербестігін арттыру үшін бір көзден сатып алудың шекті мәнін (3000-нан 4000 айлық есептік көрсеткішке дейін) арттыру ұсынылды.

Сонымен қатар заң жобасының кейбір нормаларын нақтылау және мазмұнын жетілдіру, сондай-ақ оны құқықтық технология талаптарына сәйкестендіру мақсатында түзетулер енгізілді.

Талқылау