Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс депутаттарының сайлауы: Ең бірінші дауыс берген қазақстандықтың кім екені анықталды

Қазақстанның Жапониядағы және Корея Республикасындағы елшіліктері жанындағы сайлау учаскелері өз жұмысын бірінші болып бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Токиодағы №261 және Сеулдегі №258 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де ашылды.

Бұл қалаларда Нұр-Сұлтанмен уақыт айырмашылығы үш сағатты құрайды. Сондықтан осы  елдерде жүрген қазақстандықтар сайлау құқығын бірінші болып пайдалануға мүмкіндік алды.

Парламенттік сайлауда ең бірінші болып дауыс берген Қазақстан азаматы-Оңтүстік Кореядағы Коре университетінің студенті Аделина Алпамыс.

Еске сала кетейік, 10 қаңтарда Қазақстанда мәжіліс сайлауы өтеді.

Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-ден кешкі 20-ға дейін дауыс беруге ашық болады. Бес облыста – Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауыс беру еліміздің басқа өңірлеріне қарағанда бір сағаттан кейін басталып, аяқталады.

Мәжіліске сайлаумен бір мезгілде елімізде барлық деңгейдегі мәслихаттар (жергілікті өкілді билік органдары) сайлауы өтеді.

Талқылау