Мәжіліс депутаты бала асырап алған отбасыларға ай сайын 1 миллион теңге төлеуді ұсынды
Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден бала асырап алған отбасыларға ай сайын 1 миллион теңге төлеуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Депутат Қазақстанда балалар үйінің санын қысқарту керек екенін алға тартты. Тіпті толықтай жабуды ұсынды. Ол үшін ең алдымен бала асырап алғысы келетін қазақстандықтарға жағдай жасалуы керек екенін алға тартты.
"Балалар үйі тәрбиеленушілерді патронаттық отбасыларға бергісі келмейді. Себебі мемлекет әр балаға қомақты қаржы бөледі. Мәселен, балалар үйіндегі бір балаға мемлекет айына 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін бөледі. Бұл қаражатты бала асырап алғысы келетін отбасыларды қолдауға бағыттасақ, оның пайдасы әлдеқайда көбірек болады", – деді Қарақат Әбден.
Мәжілісмен балалар үйінің жұмыс жүйесін өзгертіп, ауыр науқас балалар тәрбиеленетін оңалту орталығы ретінде қайта құрылымдау қажеттігін айтты.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды