Мәскеуде антитеррористік шаралар басталды
24 маусымда Ресей астанасы Мәскеу қаласында антитеррористік шаралар басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің мәліметінше қалада қауіпсіздік қамтамасыз ету үшін антитеррористік шаралар басталды.
"Жолдарда қосымша бақылау енгізілді. Жаппай іс-шаралар өткізуге шектеу енгізілуі мүмкін. Қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз", – деп жазды Собянин.
Шектеу шаралары "Вагнер" жеке әскери компаниясы басшысының мәлімдемесінен кейін енгізілді. Қазіргі таңда Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Еске салайық, бұған дейін "Вагнер" жетекшісі Евгений Пригожин "әділдік маршын" өткізуге уәде берген еді. Оның сөзінше, Ресейдің қорғаныс министрлігі "Вагнер" әскерилеріне соққы жасаған.
Анасының қазасына байланысты Египетке бара алмаған қазақстандық туроператордан 1 миллион теңгеден аса ақшасын қайтара алмай жүр
Галина: "Неге Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайда ақшаны қайтарудың орнына негізсіз айыппұл салады?"
Қазақстандық ата-ананы баласының ауыр сөмкесі алаңдатты: Оның бала денсаулығына зияны қандай?
Ата-аналар ауыр оқулықтардың бала денсаулығына әсеріне алаңдап отыр