Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Маска режимі мен қашықтықты сақтауға күш жұмсау керек". Үкіметте карантинді кезең-кезеңмен алуды талқылады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Ведомствоаралық комиссия эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру және карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастауға дайындық жөніндегі шаралар кешенін қарастырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері және бас мемлекеттік дәрігер эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру көрсеткіштері және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимде карантин шараларын жеңілдетудің ықтимал жолдары туралы баяндады. Сонымен қатар аурудың өсуіне жол бермеу мақсатында өңірлердің жұмысын бақылау үшін бірқатар жаңа индикаторлар ұсынылды.

Ералы Тоғжанов Денсаулық сақтау министрлігі мен өңірлердің басшыларына эпидемиологиялық жағдайды қатаң бақылауда ұстауды және сырқаттанушылық көрсеткішін одан әрі төмендетуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай ақ, вице-премьер өңір басшыларына COVID-19-бен күресуде зардап шеккен медицина қызметкерлеріне өтемақының уақтылы төленбеуі туралы әр факті бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

"Өңірлер мониторингтік топтардың жұмысының тиімділігін арттыруы тиіс. Қажетінше, жағдайды одан әрі жақсарту үшін ведомстволар мен жергілікті билік желісі бойынша қосымша шараларды пысықтау керек. Тұрғындармен алдын алу жұмыстарына, бірінші кезекте, маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауға ерекше күш-жігер жұмсау қажет", - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

 

Талқылау