Соңғы жаңалықтар

Марқұм әншінің күйеуі Алматыда мүгедек қызды зорлады деген күдікке ілінді

Алматыда мүгедек қызды зорлады деген күдікке 2017 жылы қатерлі ісіктен көз жұмған танымал әнші Жанна Саттарованың күйеуі ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

ер адам

Бұл туралы баспасөз-конференциясында марқұмның достары мен туыстары мәлімдеді. Олардың сөздерінше, ер азамат мүгедек қызды үш күн қатарынан 26-29 қараша аралығында зорлаған.  Байғұс қыз қатты қорыққандықтан денесінің көгеріп қалған жерлерін анасынан жасырып жүрген. Ақыр аяғында зорлаушы қызды қатты қинағандықтан, бойжеткен есін толық жиып үлгермеген күйі үйіне қашып келген. Оның анасы полицияға бірден хабар берген. 

Жанна Саттарованың әпкесі Гаухардың айтуынша, күдікке ілінген әншінің күйеуі өзінің әйеліне де қол көтерген. 


Тағы оқыңыз

"Енем мен қайын сіңлімнен зәбір көрдім": Түркістан облысында күйеуі күн көрсетпеген әйел тоғайды төтелеп үйінен қашқан


"Байғұс қыздың оқиғасы белгілі болғанда мен күдіктің кінәсіне еш күмән келтірмедім. Басында мен бұл іске Қазақстанға ғана емес, әлемге аты шыққан сіңлімнің есімі іліккенін қаламап едім. Бірақ жәбірленушінің анасы хабарласқанда мен оларға көмектесемін деп бекіндім. Өйткені қай жағынан алмасаң да менің сіңілімнің есімі бәрібір іспен байланысып кетті. Олар 21 жыл бірге тұрып келді. Осы уақыт бойы Жанна балалары, немерелері, мен үшін уайымдап, күйеуінің қатыгездігін жасырып келген. Бұған қоса ол үйінде болған жайтты жұртқа жария қылғысы келмеді. Тек өлімінің алдында ол қатты қорыққандықтан осылай істеуге мәжбүр болғандығын айтты", - деді Гаухар Саттарова. 

Бұған қоса әншінің әпкесі марқұмының күйеуі Өзбекстаннан көшіп келгендігін, ол жақта психиатрдың тіркеуінде болғандығын жеткізді. 

"Ең алғаш Жаннаға қарсы агрессиялық әрекетке ол төрт-бес жылдан кейін барды. 2013 жылы сіңілім маған жеңіл жейде мен үйдің ішінде киетін тәпішке киген күйі қашып келді. Жаннаның айтуынша, күйеуі оны 3 күн бой қинаған, алайда сіңілім қашып кеткен. Біз полиция да шақыртқанбыз. Жаннаның күйеуі өте жақсы манипулятор. Ол алдап-сулап тәртіп сақшыларын қайтарып та жіберді. Психиатрға да тексерттік. Маман бірнеше дәрі жазып берген еді. Жанна тірі кезде күйеуінің дәріні қабылдауын өзі қадағалайтын еді. Сіңілім бақилық болып кеткен соң, бұл жағдай қадағалаусыз қалып, күдіктінің жағдайы ушығып кеткен көрінеді. Жанна тірі кезінде оны әйтіп-бүйтіп ұстап тұрыпты, осылайша ол басқа әйелдерді арашалап тұрыпты", - деп қосты Гаухар. 

Атап кетерлік жайт, күдікіті ер азамат - танымал музыкант, ол әйелімен бірге бір сахнада өнер көрсеткен.

Бұған дейін Алматыда мүгедек қыз зорлық әрекетіне ұшыраған айтылған еді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемге әйгілі дәрігер ұзақ өмір сүрудің жолдарын айтты

Ол миға салмақ салмауға кеңес берді

DVD ойнатқышы үшін баланы бауыздап тастады: Қарағанды ​​облысының тұрғыны көршісінің қызын өлтіргені үшін сотталып жатыр

Ата-анасы үш жасар қызды көршісіне қарай тұруға тастап кеткен

Белгісіз дертке шалдыққан ақтөбелік арудың жағдайы нашарлап бара жатыр

Ақтөбелік келіншекке дәрігерлер бірнеше жылдан бері дұрыс диагноз қоя алмай келеді

Жиырма жылын жұмсаған: Ер адам өз қолымен құрастырған ұшақты сыйға тартты

Үш қабатты ұшақтың ішінде бірнеше қонақ бөлме, жатын бөлме бар

Forbes журналы әлемдегі ең бай адамды атады

Бұл жолы Amazon компаниясының басшысы рейтингтегі бірінші орнын француздық бизнесменге берді

Алматыда қисайып қалған үйдің тұрғындары пәтерлеріне оралады: зерттеу қорытындылары пайда болды

Үш айға созылатын жөндеу жұмыстарынан соң, үй иелеріне қайтарылады

Үйден емделуге кеңес берген: Елордада 8 жасар бала қайтыс болды

Дәрігерлер баланы ауруханаға алып барғанда үйге қайтарып жіберген

СҚО-да ер адам балаларының көзінше әйелін аяусыз сабап өлтірген

Екі рет сотталған, жұмыссыз болған ер адам әйелінің есебінен күн көріп келген

Жаңа жыл мерекесінде алып шошқалар өз иесін жеп қойған

Көршісі үйдің ауласынан шашылған сүйектер мен бассүйек сынықтарын тапқан

"Сыртынан құлыптап кеткен": ШҚО-да болған өрт салдарынан үш бала ажал құшты

Ішімдікке тойып, үйден шығып кеткен әкесін іздеймін деп шешесі үйдегі балаларын қамап кеткен
Çàãðóçêà...