Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марат Омаровтың ұлы некесіз туған қызын бірінші отбасымен таныстырды

Әнші, композитор Марат Омаровтың ұлы Азамат Омаров некесіз туған қызы алдындағы әкелік парызын өтеп жүр. Бірінші некеден туған ұл-қызын Көзайыммен таныстырып көзайым болып жатыр. 

Бұған дейін Азамат Омаровтың некесіз туған қызы туралы көпшіліке жария болды. Омаровтар әулеті кішкентай қыздың тағдырына алаңдайтындарын жеткізіп, далада тастамауға уәде берген еді. Содан бері Марат Омаров та, ұлы да кішкентай Көзайымға қарайласып тұрады. 

Азамат қызы екенін бастапқыда мойындамағанымен ДНҚ арқылы әкесі екені анықталғаны естеріңізде болар. Марат Омаров та, Азамат Омаров та бұл жағдайды қуанышпен қабылдап, қыз баланы бауырына басты

Азамат Омаров отбасылы азамат. Бірінші некесінен туған ұл-қызы бар. 



Желіде жазған жазбасына сәйкес, Омаров ұл-қызын Көзайыммен таныстырды. Олар бауырын құшақтап суретке түсті. 

Азамат Омаров бір сұхбатында, осындай сынақтан соң әйелінің сенімін қайта қалпына келтіруге барын салатынын айтқан болатын. Ал, Марат Омаров қазақтың көбейіп жатқанына қуанатынын, немересін жақсы көретінін жеткізген еді. 

Желідегі жұрт Азаматтың әрекетін қолдап, тілегін айтты. 

"Жарайсың, тату болғаны жақсы", "Балаларыңды араластырып тұрыңдар, әйеліңе рахмет", "Жарың қалай қабылдады, сенің айтқаныға көнді ме?", "Азамат екенсің, оны түсінген әйеліне де ризамыз", "Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам деген осы. Шындық бір-ақ күнде ашыла салды", "Дәурен отбасымен таныстыра алмап еді, сен жарапсың", - деп жазды олар. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр