Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйелімнің сенімін қалпына келтіруге тура келеді": Азамат Омаров тесттен кейін некесіз қызын мойындады

Қазақстандық әнші Марат Омаровтың ұлы Азамат Омаров ДНҚ тестінен кейін өзінің некесіз қызын қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Время" басылымына сілтеме жасап.

Бұған дейін түркістандық бойжеткен Камшат Таубай танымал композитор Марат Омаровтың баласы Азамат Омаровтан балалы болғанын, бірақ олармен байланыса алмағанын отандық бағдарламалардың бірінде мәлімдеген болатын.

Осы көрсетілімнен кейін Омаровтар отбасы ДНҚ тестін жасатып, нәтижесінде Азамат Омаров өз қызын мойындады.

"Енді менің тағы бір қызым бар, оның аты- Көзайым АЗАМАТ”, - деді Азамат Омаров.

Оның айтуынша, ол әкесі мен әпкесі Заринамен бірге қызы және оның анасы Камшатпен кездескен.

"Біз уәде бердік: егер тест әкесі нақты мен екенімді көрсетсе, онда біз баланы барлық жағынан қолдаймыз. Пайызы бойынша, 99.90 деген аймақта болды, яғни менің балам, мен оған Азамат тегін беруге келістім", - деді ол.

Азамат қызына киім алып берген, сондай-ақ анасы екеуіне материалдық қолдау көрсететінін мәлімдеді.

"Бұл біздің қанымыз, ол жақсы өсіп, дамуы керек. Айтпақшы, Көзайымды көргеннен кейін, ол маған емес, менің әкеме - атаына ұқсайтынын бірден түсіндік. Оның алтыншы немересі басқа бес немересі сияқты талантты болады деп үміттенемін", - дейді Азамат Омаров.

Оның айтуынша, Марат Омаров ұлына да, телеарна бағдарламасында сөйлеп, барлық шындықты толық айтпаған Камшатқа да ренжіген. 

"Тіпті, әкем Камшатты жала жапқаны үшін және жалған фактілерді таратқан БАҚ-ты жазалау үшін заңгерлермен ақылдасқан. Бірақ Көзайымның болашағы үшін барлық негативті тоқтату туралы шешім қабылданды", - деді Азамат.

Сондай-ақ, ол осы оқиғаға байланысты отбасына қатысты келеңсіздіктер әлі реттелмегенін айтты. Қазір басты мәселе - Азаматтың жұбайы мен балалары.

"Мен бәрін қолымнан келгенше 12 жасар ұлыма және 10 жасар қызыма түсіндірдім. Бірақ әйелімнің сенімін әлі де ұзақ қалпына келтіруге тура келеді. Бірақ мен бәрін ашық айтуға қорықпаймын: менімен болған нәрсе басқа жастарды ойландырсын және қателесуден сақтасын!" - деді Азамат Омаров.

Еске сала кетейік, Азамат Омаров Камшаттың қызы одан болуы мүмкін екендігін айтқан.

 

Талқылау