AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бала менікі болуы мүмкін: Марат Омаровтың ұлы қызын тастап кетті деген айыптауларға жауап берді

Марат Омаровтың ұлы Азамат Омаров өзіне қатысты айыптауларға нүкте қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Время" басылымына сілтеме жасап.

Марат Омаровтың ұлы

Бұған дейін түркістандық бойжеткен Камшат Таубай танымал композитор Марат Омаровтың баласы Азамат Омаровтан балалы болғанын, бірақ олармен байланыса алмағанын отандық бағдарламалардың бірінде мәлімдеген болатын.

Ол 2017 жылы әпкесімен бірге Алматыға жұмыс істеуге келген. 

"Әпкемнің құрбысының туған күні болып, оған Азамат келді. Сол кезде танысқанбыз", - деді даяшы болып істеп жүрген Камшат. Ол Азаматпен танысқан кезде оның Марат Омаровтың ұлы екеніне мән бермегенін айтқан.

Камшаттың сөзінше жігітте оған өз сезімін білдіріп, тіпті, үйленеміз деп уәде берген. Алайда, қыздың жүкті екенін естіген соң, хабарсыз кеткен.

Бұл оқиға халықтың ызасын тудырып, әлеуметтік желіде Азамат Омаровқа түрлі пікірлер жазылып жатыр.

"Бүгін мен мешітке бардым, ол жерде маған жол  бермеді, менің 12 жасар ұлым мен 10 жасар қызыма саусақтарымен көрсетеді, әпкеме қарғыс жазады, бірақ ең жаманы, бүкіл жанжал әкемнің атымен өрбіді. Бірақ, менің жасым 34-те, мен өзіме жауап бере аламын", - деді ол.

Ол Камшаттың сөзін ғана тыңдап, бір жақты позицияны ұстанған көпшілікке наразы.

"Мен ол айтқандай онымен төрт ай кездескен жоқпын, тек үш рет көргенмін. Байдостың туған күнінде таныстық. Онда әйелінің құрбысы сіңлісімен болды. Сол сіңлісі Камшат еді - тыныш, менімен "сіз" деп сөйлескен. Біз, тіпті, онымен дұрыс сөйлеспедік те!", - деді Азамат.

Содан кейін Азамат қызды досына барған кезде көрген. Оның айтуынша, үшінші рет өзара келісім бойынша байланыс болған. Ал балаға тоғыз ай болған кезде, ватсапқа оның фотосуреттері мен шағымдары келе бастаған.

"Мен кім жазғанын түсінбедім, сондықтан тиісті түрде жауап бермедім!  Ал қазір менен қорқынышты адам шығарды,  қандай да бір себептермен мені казино ойыншысы деп жазды. Мен футбол жаттықтырушысымын және өз студиямда ән жазамын. Осы жанжалға байланысты менің бизнесімде проблемалар басталды" , - дейді Марат Омаровтың ұлы.

Аталған мәселеге қатысты Азаматтың әпкесі, әнші Зарина Омарова да пікір білдіріп, інісін қолдайтынын жазды.

"Қазір біз үшін ең бастысы - ДНҚ тестінің нәтижесін алу. Ол қазірдің өзінде жасалды және бес күнде дайын болады. Егер ол біздің қанымыз екені расталса, онда біз қызды өз отбасымызға қабылдаймыз. Басқаша болмайды!", - деді әнші.

Еске сала кетейік, Марат Омаровтың ұлынан жүкті болған бойжеткен баласына оның тегін беруді сұрап отырғаны хабарланған

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр