Марат Омаровтың анасы қайтыс болды
Танымал қазақстандық әнші Марат Омаровтың анасы Сұлухан Сұлтанова о дүниеге аттанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды" деп баласы ән арнаған Сұлухан әжей өмірінің 96 жасында дүние салыпты.
Бұл туралы Марат Омаровтың қызы Зарина Омарова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазыпты.
"Бүгін Алланың қалауымен мамыр айының 9 күні асыл әжеміз бақилық болды. Апатайым. сізді жанымдай жақсы көремін. Жатқан жеріңіз жайлы, жаныңыз жәннәтта болсын. Жарқын бейнеңіз мәңгі есімізде", - дейді Зарина Омарова.
- "Астарлы ақиқаттың кесірінен анамнан айырылып қала жаздадым": Марат Омаров отандық бағдарламаны айыптады
- «11 жыл бірге тұрдық»: Марат Омаровтың бірінші әйелі алғаш рет сұхбат берді
Әншінің өзі анасының қайтыс болғанын растап отыр: кейуана инсульттан көз жұмған.
Сондай-ақ қарт әжейдің жаназасы 10 мамыр күні Шымкентте болатыны айтылды.
Stan.kz редакциясы марқұмның туыстарына қайғыра көңіл айтады!
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар