Маңғыстауда жігіт 17 жастағы қызды алып қашып, аяусыз ұрып өлтірді
Маңғыстауда 17 жастағы Ақырыс Қозыбайды аяусыз ұру дерегі бойынша күдіктілер ұсталып, ҚР ҚК 106 бабы негізінде тергеу басталды.
Фото: tumba.kz
Қайтыс болған қыз Ақтау қаласында тәтесінің үйінде тұрып жатқан. Әйелдің айтуынша қайғылы оқиғадан бірер күн бұрын ол тәтесімен ұрысып қалып, түнде Саин-Шапағатов ауылындағы басқа туысының үйіне кетіп қалады. Сол жерден ол туған күн тойлауға шығып, жігіт оны ұрлап кетеді. Осыдан соң жігіт оны аяусыз сабап, Ақырыс ауруханада көз жұмады.
Облыстық ІІД қыздың зорлықпен өлтірілгенін растады.
“Осы жылдың 9 сәуірінде шамамен сағат 23:00 кезінде 1996 жылы туған ер адам 1999 жылы туған кәмелетке толмаған қызға дене жарақаттарын салады. Нәтижесінде қыз облыстық ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмды”, – деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз:
Қарағандыда әйел көңілдесімен бірге өзінің екі жасар қызын ұрып өлтірді
Ресейде қаза тапқан Максим Арышевтың сүйіктісі оған арнап қоштасу хатын жазды
Қазақстандық ана қызын бермей қойған кедей жігіт байыған кезде қатты өкінді
Өскеменде азаптап өлтірілген ағайындылардың анасы болған жайтты баяндап берді