Маңғыстаулық шенеунік қатысқан отырыс желіде қызу талқыға түсті
Желіде Маңғыстау облысында карантин кезінде өткізілген кештің видеосы жарияланды. Автор сол кеште аймақтың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлбекова бар екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеп.
Көңілді отырыстың видеолары Telegram каналдардың бірінде пайда болды.
"Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлбекова өзінің туған күнін атап өтті", - деп жазды пост авторы.
Кадрларда салтанатты жиынның киіз үйде өткені байқалады. Алдымен әйелдер ер адамдарға сыйлықтар таратып, содан кейін қыз мойнына бағалы алқа таққаны бейнеленген. Бұл сәтте көптеген қонақтар қол шапалақтап, қоршемет көрсетеді.
Видеода "бастысы сыйлық емес, көңіл ғой", - деген дауыстар естіледі.
- Пара алғаны үшін ұсталған Атырау облысы әкімінің орынбасары қаладан кетпек болған
- Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабеков ұсталды
Әлбекованың қатысуымен осы оқиға туралы облыстың тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті түсініктеме берді.
"Лауазымды тұлға департаментке "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзу" бойынша түсініктеме беру және әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін шақырылды.
Қорытындысы бойынша облыс әкімдігі мен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті шара қолдану үшін осы оқиға туралы хат жолдайды", - деп жауап берді.