Маңғыстауда жастар көбіне мұнайшы болғысы келеді. Бұл дұрыс емес – Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстандағы көптеген жастардың мұнай-газ саласында жұмыс істегісі келуін дұрыс емес деп санайды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жаңаөзенде болған жарылыстың салдарын жою жұмыстарын тез арада бітіру қажет. Жалпы, Жаңаөзен – мұнай-газ саласына ғана қарап отырған моноқала. Сол себепті, біз оны дамыту үшін арнайы кешенді жоспар қабылдадық. Осы құжатты мейлінше жүзеге асыру керек. Үкімет те бұл жұмысқа жауапты болады", – деді Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың баяндамасына білдірген пікірінде.
Мемлекет басшысы батыста әсіресе Маңғыстауда жастар көбіне мұнайшы болғысы келетінін атап өткен.
- Жаңаөзенде тұрғын үй апатынан аман қалған отбасы ғажайып оқиғасымен бөлісті
- "Жұмысшылар компаниялардың мүддесі үшін құрбан болмауы тиіс": Құқық қорғаушы жаңаөзендіктердің наразылығына қатысты істі мұқият тексеруді талап етті
- "Қазмұнайгаз" АҚ жұмыс талап еткен мұнайшылардың талабын жаңаөзендіктердің мүддесіне қайшы деп атады
"Бұл – дұрыс емес. Мұнай қоры таусылғанда аймақтағы ахуал тіпті күрделі болып кетуі мүмкін. Сондықтан жастардың басқа да кәсіптерді игеруіне жағдай жасауымыз керек. Бұл жұмысты арнайы жоспар бойынша атқару қажет", – дейді мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, ол үшін арнайы жоспар әзірлеу қажет.
"Мысалы, бүгінгі заманның өзекті саласы – ақпараттық технологиялар. Осындай технологияларды Маңғыстау облысын дамыту ісінде қолдануға болады. Жалпы, біз көзі ашық, білімді жастарды тәрбиелеуіміз керек. Өскелең ұрпақ келешекке сеніммен қарауы қажет. Бұл үлкен жұмыс. Бұл әкімнің, Үкіметтің құзырында тұрақты түрде болуы керек", – дейді Тоқаев.